Ел тынысы

«Елорданың еркетайы» анықталды



Мектеп жасына дейінгі балаларға  арналған қалалық «Елорданың еркетайы» өнер байқауының қорытындысы шықты, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Кеше мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылған жекеменшік балабақшалардың мектепалды даярлық топтары арасында қалалық «Елорданың еркетайы» өнер байқауы өтті.  М.Өтемісұлы атындағы  Оқушылар сарайында өткен іс-шараның қалалық кезеңінде «Вокалдық топ», «Вокал», «Хореография», «Балалар музыкалық аспаптарында ойнау» номинациялары бойынша 74 өнер шығармасы қазылар алқасы назарына  ұсынылды.

Қазақ Ұлттық өнер университеті өнер кафедрасының, Оқушылар сарайы мен №2 Өнер мектебінің, №1 балалар музыка мектебінің оқытушылары және «Астана хореографтары» қоғамдық бірлестігінің төрағасы қызмет атқарған қазылар алқасының шешімімен «Елорданың еркетайы» қалалық өнер байқауының 4 номинациясы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды. Олар –  «Вокал» (жеке орындау) номинациясы: Бас жүлде – 1, І орын – 7, ІІ орын – 7, ІІІ орын –  5. «Вокалдық топ» номинациясы: Бас жүлде –1, І орын – 7, ІІ орын – 8, ІІІ орын – 4. «Балалар музыкалық аспаптарында ойнау» номинациясы: Бас жүлде – 1, І орын – 1, ІІ орын – 2, ІІІ орын – 2. «Хореография» номинациясы: Бас жүлде –1, І орын –6, ІІ орын –10, ІІІ орын –  11. Байқаудың нәтижесінде номинацияларда үздік шыққандарға «Астана дарыны» орталығының кубогы мен Бас жүлде дипломы, жүлдегерлерге І,ІІ,ІІІ дәрежелі дипломдар, ынталандыру грамотасы табысталады. Сонымен қатар жеңімпаз бен жүлдегер топтарына сыйлықтар берілді.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button