Ел тынысы

Елорданың жеке автобус парктері жаңа автобустар сатып алуды жалғастыруда

Елорданың жеке автобус парктері жаңа автобустар сатып алуды жалғастыруда, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Парктер Қытайдың 12 метрлік «HIGER» маркалы 20 жаңа автобустарымен толықты. Оның 15-ін № 3 жеке автобус паркі сатып алды. Қазір оның 8-і жеткізілді, қалғаны алдағы күндері жеткізіледі. Ал, 5 автобусты № 7 жеке автобус паркі сатып алды.

Айта кету керек, өткен жылдың соңында № 3 автобус паркі осындай 21 автобус алды және қазіргі уақытта олар бағдарларда жүр. Жылжымалы құрамды жаңарту жұмыстары бұдан әрі де жалғасады.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button