Мәслихат

Энергетиктерді құттықтады

Астана қаласы мәслихатының төрағасы Ерлан Каналимов елордалық энергетиктерді құттықтап, алғыс хаттар табыс етті. Бұл туралы Е.Каналимов әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

«Энергетиктердің жұмысы барлық уақытта құрметке лайықты және мерейлі болып қала береді, оның маңызын асыра бағалау қиын. Энергетиктер елорда тұрғындарының игілігі үшін адал еңбек етеді. Сондықтан қала тұрғындарының үйлері әрқашан жылы. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметкерлері күні аясында Астана қаласы әкімдігінің жаңадан құрылған Энергетика басқармасының белсенді қызметкерлеріне алғыс хаттар табыс еттік. Басқарманы елордалық мәслихаттың VII және VIII сайланымның бұрынғы депутаты Нұрлан Купешов басқарады. Энергетика – бүгінде еліміздің бүкіл экономикасының дамуына серпін беретін іргелі сала. Бірде-бір өнеркәсіп электр және жылу энергиясыз жұмыс істей алмайды. Басқарма қызметкерлеріне зор денсаулық, жұмыста табыс, отбасына бақ-береке тілейміз!» деп жазды лебізін Е.Каналимов.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button