Ел тынысы

Ер адамды күштеп алып кеткен кімдер?

Астана полициясы ер адамды «ұрлағандардың» видеосына қатысты жауап берді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Әлеуметтік желіде Астанада «ер адамды ұрлап бара жатқандар» көрсетілген видео тарады. Елордалық Полиция департаменті оқиғаға қатысты пікір білдірді.

Әлеуметтік желіде жарияланған видеода екі ер адамның үшіншісін жетектеп, сүйреп бара жатқаны көрінеді. Ол өзін күштеп ұстағандармен қарсыласуға тырысады, бірақ бұдан түк шықпайды. Кейін ер адамды жақын жерде тұрған көліктің артқы орындығына отырғызып, кетіп қалады.

Желі қолданушылары куәгерлер адамды ұрлау сәтін видеоға түсіріп алған деген болжам жасаған. Алайда, Астана Полиция департаменті бұл нұсқаны жоққа шығарды.

«Аталған факт бойынша адамдар анықталды, тексеру жүргізіліп жатыр. Адам ұрлау дерегі расталған жоқ. Астана Полиция департаменті жалған ақпарат таратпауға және ресми дереккөздерге сенуге шақырады», – деді ведомство өкілдері.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button