Ел тынысы

Ерекше оқушылармен бірге ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілді  



Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні қарсаңында және «Таза Қазақстан» акциясы аясында кеше Астана қаласындағы Міржақып Дулатұлы атындағы №68 мектеп-гимназиясында іс-шара өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

«Агроөркендеу» бас жобасы аясында Ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушылармен бірге ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілді. Онда Қазақстанның жылы аумағында өсетін өсімдіктерді солтүстік аумағындағы суыққа бейімдеу сынақтары жасалды.

«Орман шаруашылығы» бойынша өткен бірлескен іс-әрекеттерді ұйымдастыру мақсатында жүзім, тұт, алюмин, терек, тал ағаштары таңдалып алынды. Мектеп педагогтері мен оқушылары «Жүзім, тұт және алюмин ағаштарын суыққа бейімдеу», «Мектеп ауласына жүзім ағашын отырғызу», «Табиға сусындар негізінде  бірнеше фреш-сусындар дайындау», «Көкөністер мен жасыл ақжелкен, аскөктерден дұрыс тамақтану салаттарын дайындау» тақырыбына қатысты зерттеу жұмыстарын жүргізді.

Жобаның мақсаты – өсімдіктерді экологиялық таза химиялық қоспасыз өсіріп, саламатты өмір салтының құрамдас бөлігі ретінде дұрыс тамақтанудың маңыздылығы туралы білімді қалыптастыру. Іс-шараға мектеп оқушылары мен педагогтері қатысты.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button