Ақтаңдақтар ақиқаты

Ерте солған гүлдер



Неткен заман еді, мұздай суық лебі,

Сол бір сұмдық əлі мазалайды мені.

Қос үрейлі күндер, қорқынышты түндер,

Жазығы жоқ жандар, алып кеткен кімдер?

Кінəсі жоқ жандар, кімдер кінə таққан,

Күнəсі жоқ жандар, кімдер жала жапқан?

Аққа күйе жаққан, айтыңдаршы, кімдер,

Күрсінеді таулар, тұнжырайды көлдер.

жеккенге қудаланып, қазақ халқының бетке ұстар азаматтары осындай нәубетті басынан өткізді. 1937 жылы туған ақын өмірінің соңына дейін «неге мен сол жылы тудым» деп жауабын таба алмай өтті. Зобалаң жылдар қаЗақтың әр отбасының тарихында өшпес ізін қалдырды, айналып өтпеді. Сондықтан болар 1997 жылы 3 сәуірде №3443  Қазақстан Президентінің жарлығымен 31 мамыр күнін репрессияға ұшыраған боздақтарды еске алу күні деп жариялауы күнәсіз жазаланғандарды ұрпағына тірілтіп бермесе де, халық жауы деп қаралаған жаладан ақтап, халқын, елін сүйген ерлер екенін дәлелдеп, ғасыр бойы қара жамылған халықтың басын көтеріп аталарын мақтанышпен еске алып, алға батыл басып, елінің болашағын құруға дем берді.

Осы өлең жолдары итермелеп, ән тууына себеп болды. Өйткені өз атам Әбіштің туған ағасы партшколға оқуға кеткен қалпынан жоқ болып, тіпті аты аталмай өтті, немере інісі Хамит Сөмбаев ауыл әкімі болып жүрген жерінен халық жауы аталып, 10 жылын Сібірде өткізіп елге оралды. Содан болар 6 маусымда ән дайын болды. Сол жылы «Алжир» мұражайының ашылуына дайындық жұмыстарын басқарып жатқан Әприза Құсайыновамен кездесіп, әнді тыңдаттым, мәтінін оқыттым. Әнді мәдениет департаментінің басшылығы тыңдап, жақсы қабылдап, филармонияның әншілері Нурфат Хабержанұлы мен Айнур Байнулдина мұражайдың ашылу рәсіміне дайындап орындады.

Бірақ әнді жетілдіру мақсатында ізденіс тоқтатылмады. Ізденіс жолында 2009 жылы өнер академиясын бітірген жас, қоңыр дауысты әнші Азамат ­Жылтыркөзовті тағдыр кездестірді. Әнді алып, 3-4 ай бойына сіңіріп, жүрегінен өткізген ән, ақын мен сазгердің ойын жетілдіре жеткізген туынды болып шықты. Бүгінгі күні еліміздің облыстық теледидарлары мен  орталық «Хабар» медиахолдингі және «Қазақстан» телерадио корпорациясы кезінде көрсетті. 2010 жылы мұражайды сол жылдары басқарған Болат Жүнісбековтің қолдауымен бейнебаян түсіріліп, клип болып шықты. 31 мамырда тұсаукесеріне қатысамын деп дайындалған ақын-ағамыз 4 сағат ғұмыры жетпей дүниеден озды. Өзі кетті – әні қалды. Тағдыр…

Ерсайын НАРЫМБАЕВ




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button