Ел тынысы

Есілді кесіп өтуге бәстескен бозбала суға кетті

Досымен Есіл өзенін кесіп өтуге бәстескен 2007 жылы туған жеткіншек суға кетті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz. 

«12 маусымда Астанада Есіл өзенінде 2007 жылы туған жасөспірім суға батып кетті. Бозбалалар өзеннің бір бетінен келесі бетіне жүзіп өтуге бәстескен. Алайда оқиға соңы, өкінішке қарай, жасөспірімнің суға батуымен аяқталып отыр», – делінген Астана қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің ақпарында.

Елордалық құтқарушылар сағат 19:02-де жеткіншектің денесін судан алып шыққан.

Осы орайда, қалалық ТЖД тұрғындарға суға түскенде қауіпсіздік ережелерін сақтау керектігін тағы бір ескертеді.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button