Ел тынысы

Есірткіге қарсы кезекті акция

Астанада кезекті акция өткізілді, оның барысында полицейлер мен еріктілер Байқоңыр ауданында есірткі жарнамасы бар граффитилерді өшірді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Акцияға Байқоңыр ауданы әкімдігінің, жергілікті полиция қызметі басқармасының, қаланың есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері және «Астана жастары» жастар ресурстық орталығының еріктілері қатысты.

Байқоңыр ауданында Тәшенов көшесі, 4/1 мекенжайындағы заңсыз жарнаманы бояу бойынша кезекті акция өтті.

«Биыл біз аудан аумағында екінші акция өткізіп отырмыз. Бірінші іс-шара Бараев көшесінде өтті, онда біз есірткі заттарының жарнамасын боядық. Кейіннен заңсыз жарнаманы анықтау мен бояуға ұқсас іс-шаралар өткізуді жоспарлап отырмыз», – деді Байқоңыр ауданының ішкі саясат бөлімінің бас маманы Гүлдана Қазбекова.

Акция нашақорлықтың таралуын болдырмауға және есірткіге тәуелді жастардың санын азайтуға бағытталған.

«Есірткі жарнамасын бояу тұрақты негізде жүзеге асырылады. Осындай акциялардың арқасында халықтың назарын есірткі мәселесіне аударамыз, сондай-ақ сайттар арқылы есірткінің таралуына жол бермеуге әсер етеміз. Балалар психоактивті заттарды сататын дүкендерді жарнамалайтын граффити-суреттерді бояу жұмысын жүргізеді. Бұл профилактикалық жұмыс өскелең ұрпақ арасында есірткіні қолдану фактілерін азайтуға бағытталған», – деді елордалық ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бөлім бастығы Сергей Ильинин.

Есірткі заттарының жарнамасын жою бойынша акциялар елорданың барлық ауданында өтеді және осы жылдың қараша айына дейін жалғасады.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button