UncategorizedЕл тынысы

«Есірткіге қарсы» профилактикалық айлығы өтуде

Елордада  24 мамыр мен 29 маусым аралығында есірткімен, оның саудасымен күреске бағытталған «Есірткіге қарсы» профилактикалық айлығы өтуде.

Республика бойынша 2023 жылы есірткі тұтынушылардың 1,2% төмендегені байқалса, биыл 3 айда 0,4%-ға өсім бар екені анықталды. Астана қаласы бойынша есірткі пайдаланушылар 10,7%, синтетикалық есірткіні тұтынушылар 2,7% азайған. Биылғы I тоқсанның қорытындысында қалада есірткі тұтынушылардың саны 984 адамды құраған. Емделушілерге тегін оңалту көмегінің, ақылы негізде жасырын емдеудің қолжетімділігі қамтамасыз етіледі.

-Астана қаласы бойынша 2023 жылы тіркелген есірткі қылмысының саны 79 факті болды,  2024 жылы мамыр айында бұл көрсеткіш 180-ді құрады. Сондай-ақ заңсыз айналымнан 2023 жылы жалпы салмағы  56 кг 008 гр есірткі заттары тәркіленсе, 2024 жылдың мамыр айындағы көрсеткіш бойынша 56 кг, 850 гр есірткі заттары тәркіленді. Нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл жүйесіндегі ең басты элемент – алдын алу. Бекітілген іс-шаралар жоспар бойынша 1 айдың ішінде қала халқының барлық топтарын, әсіресе жастар мен балаларды тарта отырып, рейдтік іс-шараларды, сондай–ақ мәдени-демалыс және спорттық-сауықтыру іс-шараларын өткізу жоспарлануда. Акцияның қорытынды концерті 29 маусым күні сағат: 16.00-ден 20.00-ге дейін Астананың орталық мәдениет және демалыс саябағында өтеді. Айлық бойынша жоспарды іске асыруға елорда әкімдігі, барлық мүдделі мемлекеттік органдар және үкіметтік емес сектор қатысады, – дейді Астанадағы есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Рустам Гасизов.

Психоактивті заттардың әсері тек белгілі бір адамның денсаулығы мен мінез-құлқына ғана әсер етіп қоймайды. Астана қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Айнұр Төлеуованың айтуынша, нашақорлық – бұл бүкіл қоғамның ауруы, оның әлеуметтік салдары да қайғылы. Есірткіге тәуелді адамдардың көбеюі экономика мен құқықтық тәртіпке, мемлекеттің демографиялық қауіпсіздігіне айтарлықтай қауіп төндіреді.

Бір ай ішіндегі айлық аясында азаматтарды есірткінің зияны және осы мәселені шешудің жолдары туралы ақпараттандыруға бағытталған түрлі іс-шаралар өткізу жоспарлануда, яғни қала халқының барлық топтарын, әсіресе жастар мен балаларды тарта отырып, рейдтік іс-шараларды, сондай–ақ мәдени-демалыс және спорттық-сауықтыру іс-шараларын өткізіледі.

-Жастар арасында нашақорлықтың алдын алуға ерекше назар аударылатын болады, өйткені есірткіні қолданудың ең көп жағдайлары дәл осы жастар тобында байқалады, – деген басқарма өкілі қаланың барлық тұрғындарын айлыққа қосылып, нашақорлықпен күресуге шақырды және күшімізді біріктіре отырып қана сау және қауіпсіз қоғам құра алатынымызды жеткізді.

     Жылдың басынан бастап 2024-2025 жылдарға арналған «Астана – есірткісіз қала» нашақорлыққа қарсы іс-қимыл және алдын алу жөніндегі іс-шаралардың кешенді жоспарын орындау көзделуде. Астана қаласының жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Самат Ибраевтың айтуынша, басқарма қызметінің басты бағыттарының бірі – жастар арасындағы нашақорлықтың алдын алу бойынша іс-шаралар өткізу. Соның шеңберінде адамдар көп жиналатын орындарда Астана қаласы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы және Жергілікті полиция басқармасымен бірлесіп, ҮЕҰ және блогерлерді тарта отырып, ойын-сауық орындарында есірткі жарнамасын бояу және түсіндіру жұмыстары бойынша 10-нан астам акция өткізілді.

-Ай сайын елорданың барлық 5 ауданы бойынша «ESIRTKISIZ ELORDA» жобасы шеңберінде үйлерде және басқа да объектілерде профилактикалық штаб мүшелерін, мүлік иелерінің бірлестігі мен ПИК, сондай-ақ қалалық инфрақұрылымға қызмет көрсету және күтім көрсету қызметтерінің қызметкерлерін тарта отырып, есірткі жарнамасын бояу бойынша рейдтер жоспарлануда. Сонымен қатар, ағымдағы жылдың басынан бастап адамдар көп жиналатын орындарда «Тәуелділікті спортқа айырбаста» акциясы өткізілуде, оның негізгі мақсаты – вейптерге тәуелділік деңгейін төмендету, – дейді ол.

Бұл акция Астана қаласының аудандық әкімдіктерімен, Астана қаласының ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасымен, Дене шынықтыру және спорт басқармасымен және қазақстандық спортшылармен бірлесіп өткізіледі. Сыйлықтар беріп, оның орнына вейптер мен снус пакеттерін алып, белсенділер құрамында никотин бар құрылғылардың зияны туралы айтылады. Сыйлықтардың арасында теннис жиынтықтары, бокс қолғаптары бар.

Осы оқу жылының басынан бастап (2024 жылғы қыркүйек) есірткіні тұтынудың алдын алу бойынша семинарлар өткізу үшін құқық қорғау органдарынан жаттықтырушыларды, психологтарды және уәкілетті қызметкерлерді тарта отырып, орта және арнаулы орта оқу орындарында студенттер мен кәмелетке толмағандар арасында профилактикалық жұмыстар жүргізу жоспарлануда.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button