Елорда тынысы

Есірткісіз қала қадамы

Дүниежүзілік нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай Астана қаласындағы Махамбет Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайында «Астана – есірткісіз қала» бағытында іс-шара ұйымдастырылды.

Акцияны Сарыарқа ауданы әкімдігінің аппараты, жергілікті полиция қызметі басқармасы, мәслихат депутаты Давид Лория, үкіметтік емес ұйымдар өкілдері, «Астана жастары» жастар ресурстық орталығы волонтерлері Астана қаласы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасымен бірлесіп өткізді. Іс-шара барысында ғимараттар қабырғасындағы есірткі сату туралы мәлімет бар жазулар өшірілді.

Есірткі қылмысына қарсы іс-­қимыл басқармасының бастығы Рустам Ғазизов нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес мәселелері қоғамның тұрақты дамуының шарттарының бірі әрі оған қарсы іс-қимылда елордалық полициялардың жұмысы ерекше маңызға ие екенін атап өтті.

– Полиция департаменті интернет-ресурстар арқылы байланыссыз жететін есірткінің өткізу фактілерін, жеткізу арналарын, оның ішінде синтетикалық түрлерін анықтауға ерекше назар аударады. Жыл басынан бері, бес айдың қорытындысы бойынша Полиция департаментінің бөлімшелері 528 қылмыстық-құқық бұзушылық ісін қозғады. Оның ішінде 173 қылмыстық іс болса, оның 132-сі есірткі сатумен айналысатын адамдарға қатысты. Сонымен қатар заңсыз айналымнан 62 келі түрлі есірткі заты тәркіленіп, 2022-2024 жылдар кезеңінде елорда аумағында 9 нарколаборатория қызметінің жолы кесілді, – деді полиция өкілі.

Бас қала аумағында есірткінің синтетикалық түрлерімен байланысты құқық бұзушылықтың 206 фактісі анықталған. Алайда қала тұрғындары белсенділігі­нің арқасында 50 есірткі сайты бұғатталған және оны сататын интернет-дүкендердің жарнамасы бар граффити жойылған.

Шапағат ӘБДІР

 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button