Ел тынысы

Эвакуатор LRT конструкциясына соқтығысты



Астанада LRT конструкциясына эвакуатор соқтығысып қалған, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Оқыс оқиға кеше кешке сағат 21:15 шамасында болған.

Оның видеосы әлеуметтік желілерде жаппай таралды. Кадрларда эвакуатордың салынып жатқан конструкцияның астынан өте алмай тіреліп қалғанын көруге болады.

Howo маркалы көлікті тізгіндеген 60 жастағы жүргізуші Ұлы Дала даңғылы бойымен үлкен арнайы техниканы тасымалдап бара жатқан. Ол Тұран даңғылы жағынан Қабанбай батыр даңғылымен қиылысқан жерде көлігінің габаритін (оның биіктігін) ескермей, LRT конструкциясының астынан өтпек болып, оны зақымдап алды, – делінген Астана қаласы ПД хабарламасында.

Абырой болғанда зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.

Жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оның материалдары әкімшілік сотқа жолданды.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button