Ел тынысы

Франция делегаттары №9 емхана жұмысымен танысты

Францияның медицина мамандарынан құралған делегация тәжірибе алмасу мақсатында Астанадағы № 9 емхана жұмысымен танысуға келді. Шетелдік делегаттар МСАК деңгейіндегі жұмыс процестерімен танысу үшін емхана ішін аралады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Алғашқы медициналық-санитариялық көмек қызметін ұсыну емхананың тіркеу бөлімінен басталды. Емхана директоры Сәуле Смағұлова triage-жүйесі бойынша пациенттер ағынын сұрыптау және электрондық кезек арқылы жазылу жұмысын көрсетті.

Бұдан әрі делегаттар жедел жәрдем бөлімшесінің, денсаулық мектептерінің, катанамнез, баланы дамыту және отбасын жоспарлау кабинеттерінің қызметімен танысты, амбулаториялық хирургтар орталығына және күндізгі стационарды аралады. Сондай-ақ, шетелдік қонақтар алғашқы медициналық-санитарлық көмек, консультациялық-диагностикалық қызметтер көрсететін басқа да құрылымдық бөлімшелердің жұмысымен танысты.

Делегаттарды патронаждық қызметтің әмбебап прогрессивті моделінің жұмысы қатты қызықтырды. Сондай-ақ олар медициналық сақтандыру және учаскелік қызметінің жұмысына қатысты өз сұрақтарын қойды. Кездесу соңында Франциялық қонақтар бізден қабылдауға келетін және өз қызметтерінде енгізуге көп нәрсе бар екенін атап өтті.

20 ч.

Показать перевод

 

 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button