UncategorizedЕл тынысы

Футболдан республикалық турнир басталды

№81 Astana English School мамандандырылған гимназиясында «Футбол фабрикасы CUP» балалар-жасөспірімдер командалары арасында футболдан республикалық турнир ашылды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Турнирдің ашылу салтанатына Астана мәслихатының төрағасы Ерлан Каналимов, Астана футбол федерациясының президенті Дэвид Лория, жаттықтырушылар, жарысқа қатысушылар және олардың ата-аналары қатысты.

«Балалар спортын дамыту елорда әкімдігі мен Астана мәслихатының депутаттары үшін басымдық болып саналады. Біздің қалада спорттың 25 түрі бойынша 575 спорт секциясы жұмыс істейді. 200 мыңға жуық оқушының 140 мыңнан астамы спорт секцияларында оқиды. Қалада 11 БЖСМ жұмыс істейді. Жарыс 28 маусымда аяқталады», – деп атап өтті Ерлан Каналимов.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, іс-шараның негізгі мақсаты – балалар мен жасөспірімдер футболын дамыту және дарынды жас футболшылардың шеберлігін арттыру.

«Бүгін мен барлық қатысушыларды құттықтағым келеді! Балалар мен жасөспірімдер командалары арасында турнирдің ашылуы – біздің футбол болашағының негізі. Мұндай жарыстар қазақстандық балалардың әлеуетін дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашатынына сенімдімін. Біздің футбол мектебі 2014 жылы ашылды, содан бері қазақстандық футболдың болашақ жұлдыздарын жаттықтырады. Турнир 4 күн бойы өтеді және қатысушыларға баға жетпес тәжірибе мен жеке даму береді», – деді «Футбол фабрикасының» жетекшісі Дәурен Иманқұлов.

Жыл сайынғы «Футбол фабрикасы кубогі» турниріне Қостанай, Астана, Алматы, Павлодар, Қарағанды, Қызылорда, Талдықорған, Арқалық, Тараз, Ақсу қалаларынан және Ақмола облысынан 2012-2016 жылдары туған 62 балалар командасы қатысады.

Жарыс «Astana English School 81» мектебінің алаңында өтеді.

«Мен Талдықорғаннан осы республикалық турнирге қатысу үшін келдім. Жарысқа барлық команда табандылықпен дайындалды және көптеген жаңа нәрсе үйренді. Мен қорғаныста тұрмын және өзімнің бар күшімді саламын. Біздің команда жеңетініне сенемін», – деді турнирдің 10 жасар қатысушысы Әлижан Таманбаев.

Айта кетейік, республикалық турнир екінші жыл өтуде. Жеңімпаздар кубоктар мен медальдармен марапатталады. Бастамашы «Фтбол фабрикасы» балалар мектебі болды.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button