Елорда тынысы

Газдандыру жалғаса береді



Елорда әкімдігі 2019 жылдың күзінен бастап газ тарату желілерін салу жұмыстарының нәтижесінде осы күнге дейін 12 мың үйге көгілдір отын желісін тартты. Газдандыру ауқымы шамамен 65 пайызды құрайды.

Оның ішінде 10 мың жеке үй газға қосылған. Пригородный, Ильинка, Family Village, Өндіріс және Кирпичный тұрғын алаптарына газ құбырын тарту жұмыстары аяқталды. Атқарылған жұмыстар ауқымы және алдағы жоспар туралы Астана қалалық отын-­энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы отын-энергетикалық ресурстар бөлімінің басшысы Мақсат Есмағұлов жария етті.

– Ауданы шамамен 130 шаршы метр үйді газға қосу құны 800-900 мың теңгені құрайды. Баға – Орал, Алматы, Шымкент те бірдей. Яғни Астанада 350 мың теңге тұратын қазандықтың құны басқа өңірлерде де солай болады. Өз кезегінде  елорда әкімдігі халықтың әлеуметтік осал топтарын субсидиялау бағдарламаларын ұсынады. Мұндай санаттағы азаматтарға жабдықты орнатуға 470 мың теңге көлемінде өтемақы төленеді. Сондай-ақ әкімдік бағасы 120 мың теңгеден 150 мың теңгеге дейінгі газды есепке алу құрылғыларын тегін береді. Екінші деңгейдегі банктер де халықтың әлеуметтік осал топтарына жан-жақты қолдау көрсетеді. Мысалы, қазақстандық банктердің бірі газбен жылытуды орнатуға көмек ретінде бір жарым жыл мерзімге 550 мың теңгеге дейін пайызсыз несие береді, – деді спикер.

Табиғи газды үйді жылыту мен қатар  тамақ дайындау үшін де қолданады. Бұл газ баллондарының жарылу қаупін азайтуға мүмкіндік береді. Бастысы, қыс мезгілінде қала түтінге тұншығуды тоқтатады. Газ тарату желілері арқылы қала тұрғындарына жеткізілетін табиғи газ жеке тұтынушылардың өмірін сапалы жаңа деңгейге шығаруға мүмкіндік береді, – деді Астана қалалық отын-­энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы отын-энергетикалық ресурстар бөлімінің басшысы Мақсат Есмағұлов.

Жеке үйлердің басым бөлігі газға көшкендіктен, елордада көмірді пайдалану көлемі жылына 500 мың тоннадан 350 мың тоннаға дейін төмендеген.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button