Ел тынысы

Гендерлік призма тақырыбындағы тренингке шақырады



Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен БАҚ өкілдерін «Гендерлік призма арқылы құқықтық сараптама сапасын арттыру: теориядан практикаға» тақырыбында 2024 жылғы 3 маусымда Астана қаласында өтетін тренингке қатысуға шақырады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz. 

Іс-шараға қатысушы әйел депутаттар, мемлекеттік органдар мен ҮЕҰ өкілдеріне әділ энергетикалық ауысу және цифрлық трансформация саласын реттейтін заңнамада гендерлік сараптаманы қолдану бойынша түсініктері мен дағдыларын тереңдету, сондай-ақ халықаралық тәжірибелермен және кейстермен танысуға мүмкіндік беріледі. Дүниежүзілік банктің мәліметі бойынша, әйелдер әлі де ерлерге қолжетімді құқықтардың үштен екісінен азына ие, әсіресе зорлық-зомбылық пен бала күтімі қауіпсіздігі аспектілерінде. Ешбір ел, оның ішінде ең бай ел де әйелдерге тең мүмкіндіктер бермейді. Бұл олардың әлемдік экономикаға қатысуын және өздерінің де, отбасыларының да, жергілікті қауымдастықтардың да әл-ауқатын жақсартуға қосқан үлесін шектейді.

Қазақстанда өзекті гендерлік проблемалардың қатарында саяси салада және басшылық лауазымдарда әйелдердің жеткіліксіз өкілдігі, еңбекақы төлеудегі гендерлік алшақтық, еңбек нарығындағы көлденең және тік гендерлік сегрегация, заңнаманың жетілмегендігі, тұрмыстық зорлық-зомбылық пен қудалау (харассмент) байқалады. Орталық және жергілікті атқарушы билік органдарында әйелдердің өкілдік деңгейі төмен болып қалуда. Әйел министрлердің үлесі 14,3% құрайды. ҚР Парламенті Мәжілісіндегі әйел депутаттардың үлесі — 18,3%, ал ҚР Парламенті Сенатында  — 22%.

Нағыз орнықты және әділ экономикалық көшуді іске асыру үшін Қазақстан әйелдердің саясатқа және шешім қабылдауға белсенді қатысуы мен көшбасшылығын қамтамасыз ете отырып, олардың экономикалық құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуге басымдық беруге тиіс. БҰҰДБ әйелдердің экономикалық дамудағы рөліне, олардың еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және гендерлік стереотиптермен күресуге бағытталған гендерлік күн тәртібін ілгерілетудегі ел үкіметінің күш-жігерін қолдайды. Бұл әсіресе әділ ауысу жаңа жұмыс орындарын құруды және тең құқықтар мен мүмкіндіктерді қамтамасыз етуді қамтитын төмен көміртекті экономикаға көшу контекстінде өзекті.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button