Ел тынысы

«Ханзада Жумонг» телехикаясының жұлдызы Астанаға келді

Корейлік әртіс Сон Иль Гук қазақстандық киносүйер қауымға «Ханзада Жумонг» телехикаясы арқылы жақсы таныс, деп хабарлайды astana-akshamy.kz. 

«Қазақстанда «Ханзада Жумонгтың» танымалдылығының арқасында мен осында болу құрметіне ие болдым. Қазір сіздерді корей халқының классикалық-музыкалық қойылымы күтіп тұр. К-драмасынан асып түсетін К – классикасына сүйсінесіздер деген үміттеміз», – деді Сон Иль Гук елордада Қазақстан және Корей республикасы Президенттерінің қатысуымен өткен гала-концертте.

Сондай-ақ, корейлік әртіс Президенттердің құрметіне арналған гала-концертті жүргізді.

Еске сала кетсек, «Ханзада Жумонг» телехикаясы арқылы жақсы таныс әртіс Сон Иль Гук бұған дейін 2011 жылы Қазақстанда болып, Kazinform агенттігіне арнайы сұхбат берген еді. 

Айта кетейік, Президенттер Қазақстан мен Корея өнерпаздарының гала-концертін тамашалады.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button