Ел тынысы

Игі істер марафоны жалғасуда



«Жас сарбаз» әскери-патриоттық клубы «Нұрлы жүрек» балалар үйінің тәрбиеленушілеріне «НВП ағай» кинофильмін көрсетті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Кино көрсетілімі елорданың сауда-ойын-сауық орталықтарының бірінде ұйымдастырылды. Акция жыл басынан бері елордада өткізіліп келе жатқан Игі істер марафоны аясында өткізіліп келеді.

«Жас сарбаз» Астана филиалы төрағасының орынбасары Айдархан Маханбет атап өткендей, іс-шара армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтің 100 жылдығына орайластырылған.

«Сағадат Нұрмағамбетов – көрнекті әскери басшы, Кеңес Одағының Батыры, Қазақстанның Халық батыры. Ол Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі, армияның тұңғыш генералы болды және республикамыздың Қарулы күштерін қалыптастыруға зор үлес қосты. Оны еске алу үшін, сондай-ақ жастарды патриоттық тәрбиелеу мақсатында іс-шара өткіземіз», – деді Айдархан Маханбет.

Естеріңізге сала кетейік, елордада игі істер марафоны жалғасуда.

Акцияның басты мақсаты-еріктілер мен барлық тұрғындарға мұқтаж азаматтарға барынша көмек көрсетуге мүмкіндік беру.




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button