Ел тынысы

Интернет алаяқтықтың жаңа түрі шықты



Интернет алаяқтықтың жаңа түрі шықты, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Полиция бұл туралы халыққа ескертіп жатыр.

Алаяқтар жеке кабинетке қашықтан кіріп, дербес деректерді иемдену арқылы несие рәсімдей алады.

«Кейінгі уақытта алаяқтар өздерін медицина мамандары ретінде таныстырып, WhatsApp-қа қоңырау шалып немесе хабарлама жазып жатыр. Олар адамдарға диспансерлеу, флюорографиядан өтуді ұсынады. Ыңғайлы күнді таңдап, тіркелу үшін SMS-арқылы келген сандарды айтуды сұрайды да дербес деректерге қол жеткізеді. Ешқандай жағдайда да кодты айтпаңыз! Алаяқтар сіздің жеке кабинеттеріңізге қашықтан кіріп, дербес деректерді иемдену арқылы несие рәсімдей алады. Бұлар бұрын банктің қауіпсіздік қызметкерлері немесе полиция қызметкерлері болып хабарласқан алаяқтар. Осы туралы жақындарыңызға, әсіресе, егде жастағы адамдарға айтыңыз», – делінген хабарламада.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button