Ел тынысы

Интернет балалар үшін қауіпті

ІІМ ата-аналарға Үндеу жасады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Жазғы демалыс алдында интернеттің балалар үшін несімен қауіпті екенін талдап көрейік.
Осы орайда полиция қызметі ата-аналарға келесідей кеңес беріп отыр:
“Оң-солын” дұрыс ажырата алмайтын жасөспірімдер киберкеңістіктің теріс әсеріне ұшырауы мүмкін.
Әр түрлі сайттарға кіріп, топтар мен қауымдастықтарға тіркеліп, кәмелетке толмаған бала бейтаныс адамдармен виртуалды байланысқа түседі. Бөтен адамның ықпалына тез беріліп, бала өзінің “жаңа досына” банк картасының нөмірі, телефон нөмірі, жеке кабинеттер мен парақшалардың құпия сөздерін, тұрғылықты мекенжайы туралы айтып қоюы мүмкін. Сонымен қатар күдікті адаммен виртуалды қарым-қатынас өмірдегі кездесулерге ұласу қаупі бар. Одан бөлек, жеткіншек ақша табу мақсатында закладчик-курьерлерді жинайтын хабарландырулардың құрығына түсіп қалуы мүмкін.
Сол себеп полиция ата-аналарға балаларды қауіптен қорғауға көмектесетін негізгі ережелерді сақтауды ұсынады:
– Баланың мінез-құлқы мен жаңа қызығушылықтарына назар аударыңыз;
– Егер бала интернетте алған тапсырмаларды өмірде орындаса, оған тез арада назар аударыңыз;
– Мазмұны кәмелетке толмағандарға теріс әсер етуі мүмкін ресурстарға шектеу қойыңыз;
– Балаға жеке ақпаратты жарияламау керектігін үйретіңіз;
– Әлеуметтік желілерде балаңыздың қандай топтар мен қауымдастықтарға жазылғанын қадағалаңыз;
– Балаға бөтен адаммен сөйлесудің қауіпті екенін түсіндіріңіз;
– Ықтимал қауіп анықталған жағдайда дереу полицияға хабарлаңыз;
– Өзіңізге және балаларыңызға сақ болыңыз!
Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button