Ел тынысы

Инвестициялық жобаларды жүзеге асыру барысы талқыланды

Астана даму орталығында СІМ Инвестициялар комитетінің төрағасы Ғабидулла Оспанқұлов пен Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкеннің төрағалығымен кездесу өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Іс-шараға Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы Халел Әкімжанов, сондай-ақ «Астана даму орталығы» ЖШС Басқарма төрағасы Ринат Ақбердин және «Astana Invest ҚДИО»ЖШС Басқарма төрағасы Асхат Бекеев қатысты.

Кездесудің басты тақырыбы әкімдіктің фронт-офистерінде инвестициялық жобаларды жүзеге асыру барысы туралы болды. Олар – «Астана даму орталығы» мен «Astana Invest».

Сонымен қатар, іс-шара аясында инвесторлармен кездесу өткізіліп, елорданың инвестициялық жобаларының өзекті мәселелері мен перспективалары талқыланды. Қатысушылар ағымдағы жобалар туралы пікір алмасты, жаңа бастамалар мен ынтымақтастықтың ықтимал бағыттарын талқылады.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button