Қала мен Сала

«Joltap» жобасы: 5 мыңнан астам тұрғын көмек алды



Астана қаласы әкімдігінің бастамасымен елордада «Joltap» әлеуметтік жобасы іске асырылып жатыр. «Баршаға мүмкіндік» 10 модульдік пунктінде қала тұрғындары 52 мемлекеттік қолдау шаралары бойынша кеңес ала алады. Сонымен қатар жұмысқа орналасуға және 12 мамандық бойынша қысқа мерзімді оқуға жазылуға мүмкіндік бар.

Бұл жоба қала тұрғындарына жұмыспен қамту шараларымен қамту арқылы кірістерді арттыру мүмкіндігімен жәрдемдесуге бағытталған. Жұмыссыздарға, NEET жастарына, ішкі мигранттарға, халықтың әлеуметтік осал топтарының санаттарына көмек көрсетуге ерекше көңіл бөлінеді. Жоба белсенді тәсілдерді бірінші орынға қойып, 3 жыл ішінде іске асады.

Жоба басталғалы 4 айда 5400 азамат көмек алды. Атап айтқанда, 850 адам әкімдік басқармаларына микробизнес ашу үшін гранттар мен микрокредиттер алуға өтінім берді. «Jumys tap» Telegram-боты және жоба серіктестеріне тікелей жолдама арқылы 750-ден астам қала тұрғыны жұмысқа орналасты.

Жоба аясында 2 қысқа мерзімді оқыту бағдарламасы іске қосылды. Бірінші бағдарлама наубайшы, барис­та, сатушы-кассир, қоғамдық тамақтандырудың әмбебап қыз­меткері, тігінші сияқты жұмыс мамандықтары бо­йынша практика дағдыларын қамтамасыз етуге арналған. Екінші бағдарлама – «Freelance mumkindik». Бұл цифрлы дағдыларды оқыту: таргет, SMM, бейнемонтаж, маркетплейс, мобилография, графика дизайны және веб-дизайн. Аталған бағдарламалар бойынша жыл соңына дейін 700 адам білім алып, оларға сертификат беріледі. 3 жыл ішінде 30 мыңнан астам азамат жұмысқа орналасу дағдысын игереді.

Жобаның бірлескен операторы – «Жаңа сезім» қоғамдық қоры. Жоба бизнес өкілдері мен жұртшылық арасында кең қолдау тапты. Атап айтқанда, жобаны «Integra Construction KZ» ЖШС, «BI Group», «Халық» қайырымдылық қоры, «Astana «ӘКК» АҚ, «Sensata», «NAK», «Tumar Group», ПИК «Astana Ютария LTD», «SF қазақстандық дәмді тағамдар желісі», Magnum және т. б. қолдады.

Жоба басталғалы 4 айда 5400 азамат көмек алды. Атап айтқанда, 850 адам әкімдік басқармаларына микробизнес ашу үшін гранттар мен микрокредиттер алуға өтінім берді. «Jumys tap» Telegram-боты және жоба серіктестеріне тікелей жолдама арқылы 750-ден астам қала тұрғыны жұмысқа орналасты

– «Joltap» жобасы өз ісін ашудан бастап жұмысқа орналасу үшін практика дағдысын алуға дейін жұмыспен қамтудың барлық шарасын қамтиды. Елорданың жұмыссыз тұрғындары өзекті цифрлы және жұмыс дағдысын қысқа мерзімді оқыту, жоба серіктес­теріне жұмысқа орналасу, қолданыстағы мемлекеттік қолдау шаралары шеңберінде көмек алу арқылы кірістерді арттыруға мүмкіндік алады. Тұтастай алғанда, «Joltap» жобасы мемлекет, бизнес және қоғамның тығыз ынтымақтастығы кезінде құрылған халыққа мүмкіндіктер беру жөніндегі тиімді экожүйені білдіреді. Жобаны іске асыруға қолдау көрсеткені үшін серіктестерімізге рақмет! – деді Астана қаласы әкімінің кеңесшісі, «Joltap» жобасының жетекшісі Дана Жүнісова.

Тегін консультациялар «Баршаға мүмкіндік» модульдік пункттерінде мына мекенжайлар бойынша жүргізіледі:

* «Mechta» СҮ, Сығанақ көшесі, 3;

* «Big Шанхай», Алаш ­тасжолы, 32А;

* «Встреча» СҮ, Абылай хан даңғылы, 31;

* «Ailand» СОО, Қорғалжын тасжолы, 2;

* «Тұлпар» СО, Ш.Уәлиханов көшесі, 24;

* «Euromall» СҮ, Ш.Қосшығұлұлы көшесі, 24;

* «Саянұр» базары, Н.Тілендиев даңғылы, 24/5;

* «Magnum» супермаркеті, Еділ көшесі, 26;

* Жастар сарайы, Рес­публика даңғылы, 34;

* «Азия парк» СОО, Қабанбай батыр даңғылы, 21.

Модульдік пункттер күн сайын және демалыссыз жұмыс істейді.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button