Құқық

Кінәлілер жазаланды



Жақында елорда прокуратурасы қызметкерлерінің  тексеру қорытындысы бойынша қала  мектептердің бірінде бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықталды.

Өздерінің жеке мүдделерін ойлаған есепшілер жеті жыл бойы штатта жоқ  адамдарға заңсыз,  астыртын жалақы мен сыйақы аударып келген.

Осы тұрғыда мемлекетке келтірілген шығын көлемі  130 миллион теңгеден асады. Тергеу барысында мектеп қызметкерлері өз кінәларын толық мойындады.

Сот үкімімен кінәлілер 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

Мемлекет пайдасына келтірілген материалдық шығын сотталғандар есебінен өндірілді.

Шетелдік компания өкілінен қомақты сомада ақша бопсалаған  алаяқ он жылға темір торға тоғытылды.

Өзін мемлекеттік ведомствоның штаттан тыс қызметкері ретінде көрсете отырып, ол шетелдік компания директорынан 180 миллионнан аса  АҚШ долларын  талап еткен. Әрі инвестициялау шартын жалған жасасу мақсатында аталған қаражатты иемденіп алуға тырысқан.

Мемлекеттік айыптаушы-прокурор сотталған адамның кінәсін толық  дәлелдеді.

Оған  алаяқтыққа оқталу және жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамды аса ірі мөлшерде пара беруге айдап салу кінәсі тағылып, жаза кесілді.

Үкім  заңды күшіне енді.

Аян АБДЫНАСЫРОВ,
Астана қаласы прокуратурасының
басқарма прокуроры




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button