Ел тынысы

«Кітапхана –халықтың негізгі жады»



Байқоңыр ауданы бойынша БҰӨСО-да  «Кітапхана – ұлттың негізгі жады» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Мемлекет басшысының Құрылтайдың үшінші күні сөйлеген сөзінде еліміздегі кітапханалар қызметін жандандыру мәселесіне барынша көңіл бөлуді атап айтқан болатын. Осы орайда  өткен дөңгелек үстелде: рухани және мәдени іс-шараға қатысушы зиялы қауым отбасылық кітапхананы тиімді ұйымдастыру және  кітап оқу мәдениетін арттыру қаншалықты  ұрпақ тәрбиесінде маңызды және қалай ұйымдастыруға болады деген өзекті мәселе  тұрғысында пікір алмасты. Сонымен қатар қазіргі таңда қарқын алып отырған электронды кітаптың артықшылығы мен зияны туралы да қарастырылды.

Аталмыш бас қосуға Астана әкімдігінің Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі  қызметкерлері қатысып, орталықтағы кітапханаға бірнеше кітап сыйға тартты. Атқарылып жатқан ізгі шаралар туралы ақпарат алмасты.

Модератор Маржан Примбетованың кіріспе сөзінен кейін «Ұрпаққа аманат» зияткерлік клубының  белсенді мүшесі, ардагер ұстаз Б.Нұрғожина тақырыпқа орай өте маңызды сөз айтты. Іс-шара барысында «Құрмет» орденінің иесі, танымал журналист Ғ.Балтабай үлкен ұсыныс жасады. Осындай игі іс атқарылғанда Білім басқармаларынан өкілдер шақырылған дұрыс деген пікір қосты. Қаламгер, жазушы  Б.Бұлғақбаева сөйледі. Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі ұжымынан М.А. Керімбекова, ардагер Т. Шахзада  және қазақ тіліне қатысушы, үйірме мүшелері А. Мажимова, Г. Сейтқасова, Г. Бакеновалар ойларын ортаға салды.

Ұйымдастырылған іс-шара мақсатына жетті. Күн тәртібіне қойылған сұрақтар жүйелі талқыланды.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button