Руханият

Кітапханадағы көрмелер



«Астана қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қарасты кітапханаларда Қазақ кинематографының шебері, актер, режиссер Шәкен Аймановтың туғанына 110 жыл толуына орай, сондай-ақ қазақ поэзия­сының падишасы Фариза Оңғарсынованың 85 жылдық мерейтойына орай арналған кітап көрмелері қойылды.

Шәкен аға биігі

Қазақ кинематографының шебері, актер, режиссер Шәкен Аймановтың туғанына 110 жыл толуына орай кітапхана қызметкерлері кітап қорын пайдаланушы оқырман үшін «Қазақ киносының саңлағы», «Ш.Айманов – қазақ киносының атасы», «Кино саласының саңлағы» және тағы басқа кітап-иллюстрациялық көрмелер дайындады.

Ең қызық өткен іс-шаралар ретінде «Шәкен Аймановтың баға жетпес мұрасы» шығармашылық кешін, «Қазақ киносының шебері» танымдық сағатын, №9 көпшілік кітапханасындағы «Сарқырай аққан, өзеннің арқыраған арыстаны» өнер сағаты мен №4 көпшілік кітапханасында өткен «Қазақ киносының жарық жұлдызы» шығармашылық кешін,  «Қазақ театры мен кино шебері» атты №5 көпшілік кітапханадағы портрет кешін айтуға болады.

Кітапхана қызметкерлері оқырманды Шәкен Аймановтың шығармашылығымен таныстырып қана қоймай, режиссердің «Махаббат туралы аңыз», «Дала қызы», «Біздің сүйікті дәрігер» картиналарына талдау жүргізді. Бұл көркем фильмдер
Шәкен Аймановтың режиссерлік дебюті екені мәлім.

Поэзия падишасы

Қазақтың ақын қызы, халық жазушысы, қоғам қайраткері, Астана кітап­ханаларының құрметті қонағы, жанашыры Фариза Оңғарсынованың туғанына 85 жыл толуына орай іс-шара өткізіліп, көрме қойылды.

Барлық кітапханаларда «Поэзия падишасы Фариза Оңғарсынова»,  «Әуелден өлең-жырға құштар жаным…», «Құдіретті жырдың құндағы» атты Фариза Оңғарсынованың шығармашылығына арналған кітап көрмелері өткізіліп, кітапханалар басқаша безендірілді.

№15 көпшілік кітапхананың оқу залында өткен «Фариза Оңғарсынқызының жыр әлемі» поэзия сағаты жас оқырманның қызығушылығын оятты, қазақ поэзиясының рухын аспандатты.

 

 

 

 

 

 

 


Тағыда

Гүлшат Сапарқызы

«Астана ақшамы» газетінің тілшісі, ақпарат саласының үздігі

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button