Ел тынысы

Көші-қон процестері цифрландырылады



ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кеңейтілген Алқа отырысында ведомство басшысы Светлана Жақыпова Қазақстандағы көші-қон процестерін реттеу және цифрландыру туралы баяндады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Светлана Жақыпова Мемлекет басшысының тапсырмасы негізінде өткен жылы 7 бағыт бойынша жұмыстарды көздейтін 2023-2027 жылдарға арналған көші-қон саясатының тұжырымдамасы әзірленгенін және қабылданғанын еске салды.

Еңбекмині басшысы көші-қон процестерін реттеу жүйесін цифрландыру басым бағыттардың бірі болып табылатынын атап өтті.

«Мигранттардың қозғалысын есепке алудың бірыңғай ақпараттық жүйесін құру жоспарлануда. Бұл біздегі барлық шетелдік жұмыс күшін автоматтандыруды және цифрлық есепке алуды қамтамасыз етеді. Міндетті ЖСН қалыптастыруды бір мезгілде енгізу шетелдік тұлғаның еңбек шарттарын және уақытша тұруға ықтиярхаттарын уақтылы тіркеуге мүмкіндік береді», – деді министр.

Ішкі және этникалық көші-қон саласында қабылданған шараларға қарамастан, солтүстік және оңтүстік өңірлер арасындағы демографиялық теңгерімсіздік проблемалары әлі де сақталуда.

Бейімделу проблемаларын шешу үшін келу өңірінде қоныс аударушыларды сүйемелдеу бойынша жергілікті атқарушы органдардың өзара іс-қимылының жаңа алгоритмі әзірленді. Ол жергілікті қоғамдастыққа тиімді интеграциялау үшін отбасын, оның ішінде балаларды, сондай-ақ әлеуметтік, денсаулық сақтау және білім беру қызметтерін қоса алғанда, 25 бейімделу және интеграциялық қызметтерді қамтиды. Қызметтерді қоныстандыру өңірлеріндегі мансап орталықтарының қызметкерлері көрсететін болады. Қоныс аударушылардың бейімделуін бақылау аймаққа келгеннен кейін 5 жыл ішінде Отбасының цифрлық картасы және мобильді қосымша арқылы жүзеге асырылады.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button