Қала мен Сала

Коммуналдық қызметкерлерді құттықтады



Астана қаласы Нұра ауданының әкімі Жүсіп Жұмағұлов коммуналдық ұйымдардың қызметкерлеріне алғыс хат табыс етті.

Қаланың қоммуналдық қызметінде тұрақты жұмыс істеп келе жатқан бір топ жол жұмысшылары мен учаске шеберлеріне айрықша үлгідегі мерекелік алғыс хат берілді.

«Боран, суық, жаңбыр, су көтерілуі, аптап ыстық – сіздер үшін кедергі емес, жай ғана маңызды миссияны орындау жолындағы тағы бір сынақ. Астананың кез келген мінезін көтеріп, өз ісіңізді берік жасаудасыздар. Уақытылы қар шығарып, өтініштерді орындап, қаланы таза ұстаудасыздар. Сіздердің арқаларыңызда бас қаламыз осындай көрікті әрі әдемі. Жұмыстарыңызды жа­уапты әрі шапшаң орындайтыныңыз үшін алғыс білдіремін! – деді аудан әкімі өзінің құттықтау сөзінде.

Аудан аумағын күнделікті санитарлық тазалауға 400-ден астам адам жұмылдырылған. Олар қарды, қоқысты шығарумен айналысады, саябақтар мен алаңдарды ретке келтіреді, гүлдер мен ағаштар отырғызады, жасыл желектерге күтім жасайды. Коммуналдық қызметкерлер жұмысын жыл бойы жүргізеді.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button