Ел тынысы

М1 жол айрығы жартылай жабылады

Сарайшық көшесі орналасқан М1 жол айрығы жөндеуге байланысты жартылай жабылады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы М1 көлік айрығы бойынша Түркістан көшесінен Арқар көпіріне дейінгі учаскеде жол төсеміне орташа жөндеу жүргізілетінін мәлімдеді.

Осыған байланысты, 6 маусым мен 1 шілде аралығында жоғарыда аталған учаске ішінара жабылатын болады. Бұл ретте қозғалыс тараптардың бірі бойынша, екі бағытта да қамтамасыз етіледі.

Астана тұрғындары мен қонақтарын қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button