Ел тынысы

Мәсімовке рақымшылық жасаудан бас тартылды

Президенті жанындағы Кешірім жасау мәселелері жөніндегі комиссия мүшелері мемлекет басшысына Кәрім Мәсімовке кешірім беруден бас тартуды ұсынды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Бұл туралы депутат Марат Бәшімов Facebook-тегі парақшасында жазды.

Депутат Марат Бәшімов Президент жанындағы азаматтарға кешірім жасау жөніндегі комиссия отырысы өткенін мәлімдеді.

«Комиссияның соңғы отырысында кешірім жасау туралы кейбір материалдар алдын ала қаралды. Мерзімді екі жылға қысқарту бойынша да оң ұсыныстар қарастырылған. Журналистердің К. Мәсімовке кешірім беру мәселелерін қарау туралы сұрақтарына жауап бере отырып, комиссия кешірім беруден бас тартуды ұсынды», – деді Бәшімов. Сонымен қатар мәжіліс депутаты Абзал Құспан да: «Президент жанындағы азаматтарға кешірім жасау комиссиясы Кәрім Мәсімовке кешірім беруден бас тартты», – деп жазды ол Facebook-тегі парақшасында.

Бұл комиссияның ұсынысы бойынша негізгі шешімді мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдайды.

Еске сала кетсек, бұған дейін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов биыл наурыз айында президенттен кешірім сұрағаны белгілі болған еді.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button