Ел тынысы

Майқайыңда табылмай жатқан құтқарушының отбасына 5 бөлмелі пәтердің кілті берілді

Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов Майқайың кентіне арнайы барып, кеніштегі ойыққа автобуспен бірге түсіп кеткен құтқарушы А.Шаймерденнің отбасына бес бөлмелі пәтердің кілтін табыстады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Айдос Шаймерден – ойық астында жатқан екі азаматтың бірі.

Ол кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабы Павлодар филиалында жедел алдын алу жұмыстары жөніндегі взвод командирінің орынбасары болып қызмет атқарған. Азаматтың соңында жары Нұрсұлу Шаймерден мен 5 баласы қалып отыр.

Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі аталған отбасыға бес бөлмелі пәтердің кілті табыс етілгенін, пәтер Павлодар қаласында орналасқанын растады.

Еске сала кетейік, 15 мамырда Майқайың алтын кенішінде қос құтқарушыны іздеу жұмыстары қайта жанданды.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің төрағасы Төлеген Оспанқұлов Майқайыңдағы апат бойынша 21 адам кінәлі деп танылуы мүмкін екенін мәлім етті.

 

Сурет: baribar.kz

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button