Білім

Мамандар білігі артады

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы алғаш рет мектепке дейінгі жастағы балалардың коммуникативтік дағдыларын дамытуда артпедагогикалық технологиялар бойынша біліктілікті арттыру курсын бастады. Бұл курсқа мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінен 1 мыңнан астам педагог қатысады.

Курс бағдарламасы мектепке дейінгі жастағы балалармен жұмыс істеуде артпедагогика әдіс-тәсілін қолдану бойынша педагогтардың кәсіби құзыретін жетілдіруге арналған.

«Артпедагогика – мектепке дейінгі балалардың сөйлеу және коммуникативтік дағдыларын дамытудың инновация­лық әдісінің бірі. Балалардың қарым-қатынасының басым аспектісі ойын болғандықтан, артпедагогикалық технология­лардың ішінде ертегі, кітап, музыка, ойын, би, сурет терапиялары маңызды. Бүгінде курста 669 педагог оқуда» деп атап өтті «Өрлеу» басқармасының төрағасы Айдана Шилибекова.

Бағдарлама оқытудың әр­түрлі әдісін, түрін, оның ішінде практикалық жұмыс пен талқылауды, кейстерді талдауды, көшпелі практикалық сабақтарды ұйымдастыруды көздейді. Курс бойынша оқу қараша айының соңына дейін жалғасады.

Олжас СҮЛЕЙМЕНОВ

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button