Ел тынысы

Мамандар диффузор зияны туралы ескерту жариялады

Диффузор үйге зиянды ма? Табиғи майлардың орнына синтетикалық майлар қолданылса зиянды, бұл жағдайда аллергия немесе астма ұстамасын тудыру қаупі бар, өйткені синтетикалық қоспаларда әдетте майлардың өздері ғана емес, сонымен қатар спирттер мен эфирлер де болады. Диффузор құрамындағы сапасыз май немесе жалпы сапасыз композиция адамдарда, әсіресе жүкті әйелдерде жүрек айнуын, бас ауруын және ісінуді тудыруы мүмкін, деп хабарлайды astana-akshamy.kz. 
Осыған байланысты, Астана қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті тұтынушыларға, диффузорларды сатып алудан бұрын ол ЕАЭО сайтында мемлекеттік тіркеу туралы куәліктердің бірыңғай тізілімінде тіркелген бе және мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі (МТК) бар екендігін тексеру қажеттілігі туралы ескертеді.

Астана қалалық санитарлық- эпидемиологиялық бақылау департаменті директорының орынбасары Айгүл Шағалтаеваның айтуынша, аромадиффузорлар тұрмыстық химия құралдарына жатады және № 299 санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға (бақылауға) жататын өнімге (тауарға) бірыңғай санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптарға (БСЭГТ) сай, қауіпсіздіктің санитариялық-химиялық, микробиологиялық және токсикологиялық көрсеткіштеріне сынама үлгісін зерттей отырып, міндетті мемлекеттік тіркеуге жатады.

-Хош иісті диффузорды қолданар алдында, сіз және сіздің жақындарыңыз өнімнің зат белгісіндегі композицияны зерттегеннен кейін барлық ингредиенттерге жақсы төзетіндігіңізге көз жеткізіңіз; өндірушінің майларды қолдану мөлшері мен жиілігі туралы арнайы нұсқауларын орындаңыз, өйткені хош иісті майдың артық мөлшері жағымсыз жанама әсерлер тудыруы мүмкін; өнімге оның сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжатты талап етіңіз, -дейді спикер.

Зерттеу нәтижелерінің негізінде сынақтар хаттамасы рәсімделеді, содан кейін қолданылу мерзімі қолданыстағы заңнамалық талаптар күшінде қалғанға және өндіріс технологиясы өзгергенге дейін өзекті болатын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік (МТК) тіркеледі. МТК Еуразиялық экономикалық одақты мемлекеттік тіркеу туралы куәліктердің бірыңғай тізілімінде тіркелуге тиіс.

Процедураны өнімді дайындаушы немесе жеткізуші бастауға құқылы. Бірақ барлық өндірушілер өндірілетін өнімнің (тауардың) сәйкестігін бағалауды жүргізбейді және тауарды сәйкестік құжаттарынсыз сатады. Мысалы, Астана қаласында «MERCI DE FRANCE» өндірісінің «Диффузор «LOST CHERRY» өнімінің сәйкестік және қауіпсіздік құжаттарысыз және таңбалауды (таңбалауда өнімнің атауы туралы ақпаратты қамтылмаған; партиясы, дайындалған күні, қолдану тәсілі, өнімнің мақсаты, құрамы бойынша пайыздық қатынасы, өнімнің сәйкестендіру белгісі көрсетілмеген) бұза отырып  сатылуда.

Халыққа күмәнді (нормативтік-құқықтық актілердің талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарсыз және таңбалауды бұза отырып) сапасымен өнімнің сатулуы, мұндай өнімнің мақсаты бойынша қолданылуы қауіпті екендігін растайды, яғни бұл тұтынушыларды жеке кәсіпкерлер немесе ұйымдармен алдау болып табылады.

Тұтынушыға кез келген өнімдердің (тауарлардың), оның ішінде ауа диффузорларының үлкен ассортименті ұсынылған мүмкіндік жағдайында, (сәйкестік құжаты (МТК) бар) «қауіпсіздік» жағына қарай таңдау болуы тиіс.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button