Ел тынысы

Маңғыстау жерасты мешіттері ЮНЕСКО тізіміне ене ме?

Маңғыстаудың жерасты мешіттерін ЮНЕСКО мұралары тізіміне қосу үшін номинациялық құжаттарды әзірлеу бастады. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың «Адал адам -Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысында  берген тапсырмасына сай Мәдениет комитеті 2024 жылы Маңғыстаудың жерасты мешіттері бойынша номинациялық құжаттарды әзірлеуді бастады. Жалпы, Маңғыстаудың жерасты мешіттері номинациясы аясында Бекет ата, Шолпан ата, Шақпақ ата, Қараман ата және Сұлтан епе ескерткіштері бойынша құжаттамалар дайындау көзделген», – делінген министрліктің агенттік сауалына берген жауабында.

Ведомство мәліметінше, номинациялық құжаттарды дайындау ЮНЕСКО талаптарына сай ауқымды жұмыстарды жүргізуді қажет етеді.

«Оның ішінде номинациялатын объектілер бойынша олардың буферлік аймақтарының жобасын әзірлеу, ЮНЕСКО белгілеген номинациялаудың 10 критерийлерімен байланыстырып, ЮНЕСКО тізіміне ұсынылатын объектердің жоғарғы әмбебап құндылықтарын ажырату, басқару жоспарларын әзірлеу, алдын-ала мониторингтік жұмыстарды жүргізуді қажет етеді. Келешекте Қазақстанның ортағасырлық мешіттері мен кесенелері сәулеттік өнер үлгілерін (олардың реті анықталатын болады), сондай-ақ, қазіргі заманның сәулеттік өнер туындыларын (мәселен, Қазақстан қонақ үйі, Медеу мұз айдыны) халықаралық кеңістікке ұсыну жоспары бар», – деді министрліктен.

 

Фото:mangystau.inmap.kz/

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button