Мәселе

Мемлекеттік аудит қорытынды шығарды



Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының кезекті отырысында мәслихат депутаттары мен Астана қаласындағы аудан әкімдіктері басшыларының қатысуымен Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасының бюджеттік бағдарламалар бөлінген бюджет қаражатын пайдалану тиімділігінің мемлекеттік аудитінің қорытындысы қаралды.

Аудиторлық қорытындының нәтижесінде қаладағы спорт саласын дамыту бойынша жалпымемлекеттік саясатты жүзеге асыру бойынша ауқымды жұмыстардың атқарғандығы көрінді. Балалар мен жасөспірімдердің спорт мектептері тарапынан жоғары спорттық көрсеткішке қол жеткізетін спортшы резервтерді дайындау бағытында Астана қаласының құрама командасы сапында республикалық және халықаралық жарыстарда жүлдегер болған спортшылар саны артып отыр. Осы бағытта, яғни жоғары шеберлік көрсететін спортшыларды дайындау үлкен жұмысты және материалдық қолдауды қажет ететіні айтылды.

Аудит Дене шынықтыру және спорт басқармасында және осы мекеменің қарамағындағы 10 ұйымда: олимпиадалық және олимпиадалық емес спорт түрлері дамыту бойынша дирекцияларда және сегіз спорт мектептерінде (СДЮСШОР №1, СДЮСШ №2, СДЮСШОР №3, СДЮСШОР №5, ДЮСШ №7, СДЮСШОР №8, ДЮСШ №9 СДЮСШ №10) бойынша жүргізілді.

Аудиттің қорытындысы бойынша 45 лауазымдық тұлғалар 45 дерек бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 2 дерек бойынша материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін құқық қорғау органдарына жолданды.

Әкімшілік іс жүргізуді қозғау жөнінде іс жүргізу шешімін қабылдау үшін уәкілетті органдарға 12 материал жіберілді.

Мемлекеттік аудиттің қорытындысы бойынша тексеру комиссиясы тиісті тапсырмалар мен ұсынымдар берді.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button