Ел тынысы

Мемлекеттік құпияны бөтен адамдарға беріп келген

ҚМА қызметкері бір жыл бойы мемлекеттік құпияны бөтен адамдарға беріп келген, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Сол қылмысы үшін аталған агенттіктің қызметкері нақты мерзімге сотталды.

Шымкент Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының үкімі бойынша, ҚР ҚК-нің 185-бабы 3-бөлігі (Мемлекеттік құпияларды заңсыз жария ету) бойынша азамат К. 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

«Бұл қылмыс мемлекеттің қауіпсіздігіне қатер төндіретін ең ауыр қылмыстардың бірі ретінде сараланды. Сот барысында прокурор қызметкердің құпия ақпаратты үшінші тұлғаларға бір жыл бойы бергені туралы сенімді дәлелдер келтірді», – делінген хабарламада.

Мұндай қылмыстардың алдын алу – құқық қорғау органдарының басым бағыттарының бірі. Үкім заңды күшіне енді.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button