Ел тынысы

Мерекеге орай бұқаралық велошеру өтеді

Астанада 8 маусым күні Мемлекеттік рәміздер күніне орайластырылған бұқаралық велошеру өтеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Велосипедшілер Қосшыға қарай жол бойындағы айналма веложолдан 25 шақырым қашықтықты Үркер (Ильинка) тұрғын алабының «Жасыл белдеу» саябағында мәреге жетеді.

Велошеруге қатысуға ниет білдірушілерді тіркеу сағат 08:00-ден 09:00-ға дейін жалғасады. Басталуы 09:00. Тіркелу тегін.

Іс-шара аяқталғаннан кейін мәреде тіркелген велосипедшілер арасында лотерея және бағалы сыйлықтар ойнатылады.

Әрбір қатысушы өз велосипедімен веложарысқа жіберіледі. Шлемнің болуы міндетті.

Іс-шара спорттық жарыс болып саналмайды.

Мерекелік велошеруге елорданың кез келген тұрғыны мен қонақтары қатыса алады.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button