Білім

Мұғалімдерді аттестаттау жайы қалай?



Қалалық мәслихаттың мәжіліс залында елорданың Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті. Жиында «Астана қаласындағы Әдістемелік орталық» мекемесінің қызметі туралы есеп тыңдалды.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша қалалық Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыев баяндама жасады. Қазіргі уақытта Астанада 32 колледж, оның ішінде 9 мемлекеттік, 23 жекеменшік колледж жұмыс істейді. Оларда 35 923 оқушы, оның ішінде мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша 20 289 (56%) оқушы дәріс алып жатқанын айта келе, басқарма басшысы қаладағы әр мекеме өз мұғалімдерін аттестациядан өткізіп отыруы керегін және елордадағы мектептерді аттес­таттау, мемлекеттік аттес­таттаудың нәтижелері туралы мәселеге тоқталды. Одан әрі Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталық» МКҚК басшысы Сындар Дәуешова баяндама жасады.

Сондай-ақ, «2024-2028 оқу жылдарына техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» құжат талқыланды. Басқарма басшысының айтуынша, жаңа кәсіптер картасына сәйкес, алдағы 3-7 жылда еңбек нарығына кіретін бірқатар жаңа кәсіптердің: онлайн оқыту бойынша тьютор, инклюзивті білім беру бойынша маман, коммуналдық жылжымайтын мүлікті басқарушы, құрылыстағы сапаны басқару жөніндегі маман, құрылыс технологы-инноватор, BIM-технологияларды ескере отырып, жылжымайтын мүлікті пайдалану жөніндегі маман, цифрлық коммерция және толықтыру орталықтарының логистика маманы, автомобиль дизайнері-жөндеушінің пайда болуы болжануда. Жыл сайын ерекше білім беру қажеттіліктері бар мектеп түлектерінің саны артып келеді, осыған байланысты арнайы инклюзивті топтарда кадрлар даярлауға мемлекеттік тапсырыс өсіп, 4 колледже үш мамандық бойынша 74 орын бөлінді. Экономика салаларында техникалық және кәсіптік білім беру кадрларын даярлауды жүйелеу, сондай-ақ елордалық колледждерді заманауи білім беру инфрақұрылымына айналдыру мақсатында оларды жоспарлы бейіндеу жүргізілуде. Аталған қаулыны Қоғамдық кеңес мүшелері бірауыздан мақұлдады.

Отырыстың күн тәртібінде белгіленген мәселелер бойын­ша сындарлы ұсыныстар енгізілді.

 


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button