Ел тынысы

«MUNARA» жоба командасы жеңімпаз атанды



Астана қаласы Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайының «MUNARA» жоба командасы республикалық экологиялық идеялар мен жобалар фестивалінен бас жүлде иеленіп, ақшалай грант ұтып алды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

2024 жылдың 11 мамырында ҚР ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясының қолдауымен «TURAQTY JOL» республикалық экологиялық идеялар мен жобалар фестивалі өтті.

Республикалық экологиялық идеялар мен жобалар фестивалі су ресурстарының проблемалары туралы ақпаратты кеңінен арттыру, суды тұтынудың маңыздылығына назар аудару, сонымен қатар жастарды экологиялық мәдениетке тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылды.

Айта кетсек, «TURAQTY JOL» – өскелең ұрпақтың бойына мәдени-адамгершілік және экологиялық құндылықтарды сіңіре отырып, туған жерін қастерлеуге, дұрыс көзқарасын қалыптастыруға бағытталған тәрбиелік бастама.

«TURAQTY JOL» республикалық экологиялық идеялар мен жобалар фестивалі 16 мен 35 жас аралығындағы жастардың Қазақстандағы экологиялық проблемалардың маңыздылығы туралы хабарын арттыруға бағытталған.

300-ден астам өтінімнің арасынан 10 команда таңдап алынып, сыртқы сарапшылармен онлайн тренингтен өтті.

10 үздіктің қатарында Астана қаласы әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайының «MUNARA» жоба командасы болды.

Фестивальдің қазылар алқасы экологиялық жобаларды жүзеге асыруды жалғастыру үшін қаржылық қолдау көрсетті. Бас жүлде иегері ретінде лайық деп танылған әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайының «MUNARA» жоба командасына 6 миллион теңге көлеміндегі грант лайық бұйырды.

Команда мүшелері: Әлішер Акимжанов, Мадияр Акимжанов, Аружан Каукен, Адия Қызылтаева, Малика Закирова.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button