Ел тынысы

Мұнаралы кранның машинисі мерт болды



Елордада мұнаралы кран машинисі биіктен құлап қайтыс болды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Ақпаратты Астана қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.

Куәгерлердің айтуынша, жұмысшы краннан төменге түсіп келе жатқан. Абайсызда құлап кетіп, ауыр жарақаттар салдарынан жан тапсырды.

«Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің «абайсызда адам өліміне әкеп соқтырған құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, қажетті сараптамалар тағайындалды», — деп хабарлады ведомстводан.

Аталған бапқа сәйкес, 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button