Елорда тынысы

Неміс кәсіпорындарын аралады



Астаналық мәслихат депутаттары Германияға ресми сапарының соңғы күнінде бірқатар кәсіпорындарға барды. Бұл туралы мәслихат төрағасы Ерлан Каналимов әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

«Сондай кәсіпорындардың бірі – жолаушылар мен жүктерді тасымалдау қызметін көрсететін «Deutsche Bahn» компаниясының логистикалық орталығы. Компанияның штаты 330 мың адамнан асады. Оның негізгі бизнесі Германияда шоғырланған, онда концерн теміржол және автобус жолаушыларын тасымалдаумен, сондай-ақ жүктерді теміржол арқылы тасымалдаумен айналысады. Осы жылдың жазында қазақстандық-германдық бизнес-форумда «Самұрық-қазына» мен «Deutsche Bahn» еншілес компаниясы – «DB Engineering & Consulting GmbH» арасындағы Жолаушылар тасымалы және көлік-логис­тикалық кешенді дамыту саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды. 90 гектар аумақ­та орналасқан «Cleantecx businesspark» индустриялық-инновациялық технологиялық паркінің жұмысымен таныс­тық. Бір қызығы, ол бұрынғы ағынды су қоймасы негізінде жасалған. Қызықты және пайдалы тәжірибе, көптеген өндірістердің процесін іс жүзінде бақылауға мүмкіндік беретін соңғы әзірлемелерді көрдік» деп жазды Е.Каналимов.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button