Ел тынысы

Несие қымбаттап барады



Қазақстандағы қарапайым азаматтар үшін орташа нарықтық несие мөлшерлемесі тағы да жоғарылай бастады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Осылайша ол жылдық 20,8 пайызға жетті. Бұл көптеген жылдар бойғы ең жоғары көрсеткіш.
Қазақстандықтар банктен несие алғанда, кейін қарызын қай пайызбен өтейтініне мән беруі керек.
ҚР Ұлттық банкінің мәліметінше, 2024 жылғы сәуірде теңгемен берілген несиелер бойынша оның орташа мәні 20,8 пайызға жетті. Бір айда бұл көрсеткіш 0,8 пайыздық тармаққа өсті.
Наурызда ол 20 пайыз, ал ақпан айында 18,7 пайыз ғана болған еді. Басқаша айтқанда, орташа пайыздық өсу жалғасуда. Бұл – көптеген жылдар ішіндегі ең жоғары мән.
Ұлттық банктің статистикалық мәліметтеріне сәйкес, теңгемен берілген несиелер бойынша ең жоғары орташа пайыздық мөлшерлеме 2015 жылғы ақпанда ғана (21,4 пайыз) тіркелді. Айта кетерлігі, ол базалық мөлшерлеменің төмендеуін тоқтата тұру және қазақстандық банктердегі теңгелік депозиттер бойынша сыйақы мөлшерінің азаюы аясында өсуде.
Алайда несие шарттарына байланысты мөлшерлемелер түрлі болуы мүмкін екенін түсінген дұрыс. Мәселен, сәуірде ең жоғары пайыздар теңгелік қарыздар бойынша болды, олар 1 айға дейінгі мерзімге берілді – жылдық мөлшерлемесі 33,8 пайыз.
Одан кейінгі орында 1 айдан 3 айға дейінгі мерзімге берілетін несиелер – 24,8 пайыз, ал қымбаттылығы бойынша үшінші орында 1 жылдан 5 жылға дейінгі мерзімге берілетін несиелер – 21,5 пайыз.
5 жылдан жоғары мерзімдер бойынша орташа мөлшерлеме 20,1 пайыз, ал мерзімі 3 айдан 1 жылға дейінгі несиелер ең арзан болып шықты – 19 пайыз.
Шетел валютасында берілген несиелерге келетін болсақ, олар бір айда айтарлықтай арзандады – олардың орташа нарықтық мөлшерлемесі жылдық 5 пайыздан 4,8 пайызға дейін төмендеді. Осылайша қазіргі уақытта несие нарығында шарттар тұтынушылар үшін бірте-бірте қатаңдатылып жатыр.
Бұл болашақта несие алудың төмендеуіне әкелуі мүмкін, дегенмен елде бірінші тоқсанда кепілсіз тұтынушылық несиелерге сұраныстың айтарлықтай өскені байқалды.




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button