Ел тынысы

«Нұрлы жол» вокзалының бес миллионыншы жолаушысы анықталды



Елорданың «Нұрлы жол» вокзалында бес миллионыншы жолаушы анықталып, оны теміржолшылар салтанатты түрде құттықтады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz. 

«Нұрлы жол» теміржол вокзалында биылғы жылдың басынан бастап «Жолаушылар тасымалы» АҚ пойыздарымен жолға шыққан бес миллионыншы жолаушыны құттықтау рәсімі өтті. Бұл мерейтойлық билеттің иесі 11 жасар Айлина Ерғали үшін күтпеген тосынсый болғаны анық. Қыз бала анасы Қарлығаш Ерғалиевамен бірге Алматыдан Астанаға №3/4 пойызымен келген болатын.

Ұлттық тасымалдаушының өкілдері бес миллионшы жолаушыға жұмсақ ойыншық, iPad гаджеті, сымсыз құлаққап пен анасына гүл шоқтарын табыс етті.

«Бұл біз үшін күтпеген тосынсый болды. Перронда бізді көптеген адамдар қарсы алғанын көргенде, мен қобалжыған болатынмын. Бірақ осындай керемет сыйлықтар аламын деп ойламаппын. Біздің отбасымыз пойызбен саяхаттауды жақсы көреді, ал бұл сапарды мен өмір бойы есте сақтаймын. Ұйымдастырушыларға үлкен алғыс білдіремін,» – деп, Айлина Ерғали әсерімен бөлісті.

Ұлттық тасымалдаушы жыл сайын теміржол қызметтерін таңдағаны үшін алғысын білдіру мақсатында миллионшы жолаушыны анықтауды жақсы дәстүрге айналдырды.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button