Ел тынысы

Өңірлік кадр резервіне іріктеу наурыз айында басталады



Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің астаналық департаменті 1-31 наурыз аралығында өңірлік кадр резервіне кандидаттарды іріктеу үшін құжаттар қабылдайды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Кандидаттардың Қазақстан Республикасының азаматтығы, жоғары білімі, еңбек өтілі кемінде үш жыл болуы және құжаттарды тапсыру сәтінде 35 жастан аспауы тиіс.

Іріктеу келесі салалық бағыттар бойынша өтеді:
1) Әлеуметтік сала;
2) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және инфрақұрылым;
3) экология;
4) цифрландыру.

Құжаттарды қабылдау 2024 жылдың 1-31 наурызы аралығында өңірлік резервке іріктеу жөніндегі онлайн-платформада жүргізіледі. onir.pkrezerv.gov.kz. жеке кабинетке кіру кандидаттың логині мен паролі бойынша дербес жүзеге асырылады.
Үміткерлер құжаттарды қағазбен де, электронды түрде де ұсына алады.

Құжаттар электрондық пошта арқылы немесе қолма-қол мына мекенжай бойынша қабылданады: astana@onir.pkrezerv.gov.kz 010000, Астана қаласы, Сарыарқа даңғылы, 13, 3 қабат, 304 кабинет.

Бұл ретте құжаттарды қағаз форматта не электрондық түрде берген кандидаттар да онлайн-платформада тіркеледі (onir.pkrezerv.gov.kz). Құжаттарды тапсырғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде жүктеуі керек.

Іріктеуге қатысу үшін құжаттар тізімі туралы толық ақпаратты және басқа да мәліметтерді онлайн-платформадан алуға болады onir.pkrezerv.gov.kz, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің интернет-ресурсында www.qyzmet.gov.kz, әлеуметтік желілердегі ведомство беттерінде  (Instagram), сондай-ақ телефондар арқылы: +7 7172 248926, +7 7172 248896, +7 7172 248831 алуға болады.




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button