Ел тынысы

Өрт сөндірушілер оқиға орнына сусыз келгені рас па?

Астанадағы тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты, astana-akshamy.kz

Әлеуметтік желіде өрт сөндірушілер оқиға орнына сусыз келгені туралы ақпарат пайда болды.

Конституция көшесі, 20/2 мекенжайы бойынша орналасқан тұрғын үйдегі өрттің видеосы әлеуметтік желіде пайда болды. Жазба авторының айтуынша, оқиға орнына келген өрт сөндірушілер жеткілікті түрде жабдықталмаған, сондықтан өрт бір пәтерден екіншісіне өтіп кетті.
ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 29 маусымда сағат 09:12-де елорданың Өрт сөндіру бөлімшесінің қызметкерлері Конституция көшесі, 20/2 мекенжайына барды. Олар оқиға орнында алты қабатты тұрғын үйдің 4-қабатының балконында үй заттары мен жиһаздар өртеніп кеткенін анықтаған.

«Өрт 40 минут ішінде толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер мен құрбандар жоқ. Сондай-ақ, өрт сөндірушілер келгеннен кейін жауынгерлік өрістету жүргізілгенін, өрт сөндіру техникасы толық дайындықпен және сумен келгенін хабарлаймыз», – делінген хабарламада.

ТЖМ баспасөз қызметі Tengrinews.kz тілшісіне тұрғын үйде бір пәтер мен төрт балкон өртенгенін, яғни жанған балконнан шыққан түтін көршілерге таралғанын түсіндірді. Бұл әлеуметтік желілердегі кадрлардан көрінеді.

Бұдан бөлек, министрлік өкілдері өрт сөндірушілер оқиға орнына ешқашан сусыз бармайтынын жеткізді. Төтенше жағдайды жоюға дайын болмағаны үшін олар қылмыстық жауапкершілікке дейін ауыр жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button