Ел тынысы

Оқушылар арасында балалар лагеріне жолдамалар ойнатылады

Астана оқушылары арасында балалар лагеріне жолдамалар ойнатыла бастады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Елордада «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өтіп жатыр. Қала тұрғындары мен қонақтары сенбіліктер мен экоакцияларға белсенді қатысып, қаланың дамуы мен тазалығына үлес қосуда.

Осы орайда, Астана қаласының Білім басқармасы оқушылар арасында үздік сурет байқауын жариялады. Байқаудың тақырыбы – «Таза Қазақстан» экоакциясы, қала мен табиғатқа ұқыпты қарау. Байқау 25 маусымнан 7 шілдеге дейін жалғасады. 10 шілдеде байқау қорытындысы шығады. Үш жеңімпазға балалар лагеріне жолдама беріледі.

Байқауға қатысушылар Instagram-дағы Астана әкімдігінің ресми аккаунтына (@akimat__astana) жазылып, Instagram-да суреттер жариялап, оны #тазаАстана, #экоакцияАстана хэштегтерімен белгілеуі қажет (жарияланым болуы керек, stories жарамайды).

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button