Ел тынысы

«Орталық Азия + Жапония»



Астана қаласында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Назира Нұрбаеваның төрағалығымен «Орталық Азия + Жапония» Диалогының Аға лауазымды тұлғаларының кезекті 16-шы отырысы өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Іс-шараға Жапония, Қырғызстан, Түркіменстан, Өзбекстан сыртқы саяси ведомстволары басшылығы және Тәжікстанның Қазақстандағы Елшісі қатысты.

Тараптар биылғы жазда Астанада өткізілуі жоспарланған «Орталық Азия + Жапония» Диалогының алдағы Саммитіне дайындық барысын талқылады. Отырыста Саммиттің күн тәртібі мен қорытынды құжаттарының жобалары жан-жақты қаралды. Сондай-ақ сауда-экономикалық, көлік және гуманитарлық салалардағы өңірлік қарым-қатынастардың жай-күйі мен одан әрі нығайту әлеуеті талқыланды.

ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Н.Нұрбаева өз сөзінде соңғы жылдары Орталық Азия елдері мен Жапония арасындағы әріптестік жаңа деңгейге көтерілгенін атап өтті.

Бүгінгі таңда экологиялық тұрақтылық, елдердің байланысын арттыру және адам ресурстарын дамыту аясында ынтымақтастықтың жаңа бастамалары үшін басым секторлар анықталды.

Кездесу соңында тараптар барлық өзекті мәселелер бойынша жұмыстарды жалғастыруға келісті.

Анықтама: «Орталық Азия + Жапония» Диалогы (ОАЖД) 2004 жылы Жапонияның бастамасымен құрылған. 2005-2022 жылдар аралығында Сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары деңгейінде Аға лауазымды тұлғаларының 15 отырысы өтті. 2024 жылы Қазақстан диалогтың төрағасы.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button