Ел тынысы

Отбасы мәселелерін шешу үшін кейс-менеджмент енгізілуде

Бүгін Астанада өткен брифингте сарапшылар Әйелдер құқығы мен балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша жаңа заңның ережелерін егжей-тегжейлі түсіндірді. Аталмыш құжат 16 маусымда күшіне енеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz. 

Әйелдер құқығы мен балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша заңның қабылдануы – отбасы институтын нығайту мен тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алудағы маңызды қадам. Бүгінгі таңда елімізде түрлі өмірлік жағдайларды шешуде отбасыларға кешенді көмек көрсету үшін 68 орталық жұмыс істейді. 2025-2027 жылдары ОҚО санын 200-ге дейін жеткізу жоспарлануда.  Бұл туралы ОКҚ брифингінде ҚР МАМ Жастар және отбасы істері комитеті төрағасының орынбасары Найла Мұхтарова мәлімдеді.

Орталықтар халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың жанынан аудандарда және қалаларда құрылатын болады.

«Мәдениет және ақпарат министрлігі заңнамалық деңгейде отбасы саясаты саласындағы уәкілетті органға айналды. Өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарды қолдау мақсатында, орталықтар өтініш білдіргендердің жағдайын кешенді бағалап, сондай-ақ отбасыға жәрдем көрсетудің жеке жоспарын жасайды және жүргізеді.  Отбасыға жәрдем көрсету жүйесінің негізі –маманды бір отбасына бекіту. Бұл отбасыға көмек пен қолдаудың барлық бағытында жәрдем көрсетуге, басқа мамандардың жұмысын үйлестіруге мүмкіндік береді. Кейс-менеджменттегі ведомствоаралық өзара байланыс жүйесі негізгі рөлдердің бірін атқаратын болады», – деп атап өтті Найла Мұхтарова.

Орталықтардың көмегіне жүгіну үшін, қазақстандықтар өздері жеке, «111» байланыс орталығына, әлеуметтік желілер, МО ақпараттық жүйелер, сондай-ақ КӘЖ және алқалы органдар арқылы жүгіне алады.

Орталықтар қызметінің тиімділігін арттыру үшін, отбасылық цифрлы карта платформасына және отбасыларға көмек көрсету үшін FSM мобильді қосымшасына қосылу арқылы бизнес-процестерді оңтайландыру жоспарлануда.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау және Цифрлық даму министрліктерімен бірлесіп Орталық қызметкерлері үшін, автоматтандырылған жұмыс орындарын әзірлеу жұмысы жүргізілуде.

 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button