Ел тынысы

Пәтерін жалға берген азамат жеке кәсіпкер ретінде тіркелуге міндетті ме?

Қазір пәтерін жалға беріп, оны табыс көзіне айналдырып отырған адам көбейген, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Мұндай кәсіппен айналысатындар дара кәсіпкер ретінде тіркеліп, салық төлеуі керек пе? Заңгер Бауыржан Сералин жауап берді.

Маманның айтуынша, келесідей шарттар орындалса, сіз жеке кәсіпкер ретінде тіркелуге міндетті емессіз:

  • сізде жұмыс істейтін қызметкер жоқ;
  • пәтеріңізді тек жеке тұлғаға жалға беріп отырсыз;
  • сіздің жылдық кірісіңіз 1175 АЕК-тен, яғни 4 053 750 теңгеден аспайды.

Бұл ретте тұрғын үйді қоспағанда, мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беретін адамдар БЖТ төлеушілер ретінде танылмайды. Тұрғын үй – белгіленген техникалық, санитарлық және басқа да міндетті талаптарға жауап беретін, тұрақты тұруға арналған және пайдаланылатын жеке тұрғын үй бірлігі.

БЖТ төлейтін азамат тұрғын емес (коммерциялық) үй-жайды жалға бере алмайды. Яғни БЖТ төлеушіге мүлікті заңды тұлғаға жалға беруге тыйым салынады.

«Осындай жағдайлар болса, сіз ҚР Салық кодексінің 774-бабында көрсетілген бірыңғай жиынтық төлемді төлей аласыз. Бұл төлемді егер сіз қалада тұратын бослаңыз айына 1 АЕК(3 450 теңге), ал ауылды жерде тұратын болсаңыз 0,5 АЕК(1 725 теңге) мөлшерінде жасайсыз», – дейді заңгер.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button