Ел тынысы

Пара каратэден жеңімпаздарды қарсы алды

Елорда халықаралық әуежайында Ирландияның Дублин қаласында өткен IV инклюзивті пара каратэден әлем чемпионатының жеңімпаздарын жақындары мен жанкүйерлері зор қошеметпен қарсы алды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Әлем чемпионаты 22-23 маусым аралығында өтті. Оған әлемнің 9 елінен 130-ға жуық спортшы қатысқан. Жарыс қорытындысы бойынша елордалық спортшылар жоғары нәтиже көрсетіп, жалпы командалық есепте екінші орынға ие болды.

Сонымен қатар елордалық спортшылар Лиза Жүсіпова, Дидар Мұхамеджанов, Рустам Билялов әлем чемпионатының чемпионадары атанды. Ал Нұржайна Жаннетова күміс жүлдені иеленді. Сондай-ақ командалық ката бойынша Лиза Жүсіпова, Рустам Билялов, Нұржайна Жаннетова 2-орынды еншіленді.

“Бұл осы жолғы бірінші жарыс деп айтсам болады. Әлем чемпионаты жақсы өтті. Біздің команда жақсы нәтиже көрсетті. Алдағы уақытта бұдан да жақсы көрсеткіш көрсетеміз”, – деді Пара каратэден ҚР бірнеше дүркін чемпионы, екі дүркін әлем чемпионы, Азия чемпионатының жүлдегері Дидар Мұхамеджанов.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button