Ел тынысы

Пара жүзуден әлемдік серияның жүлдегерлері оралды

Елордалық пара спортшылар Әли Тұрғанбеков пен Ерсұлтан Наметуллаев елге оралды. Спортшыларды отбасы мен достары, мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арналған «Елорда» спорт клубының қызметкерлері қарсы алды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Айта кетейік, Францияның Лимож қаласында пара жүзуден өткен әлемдік серия 3-10 маусым аралығында өтті. Жарысқа 37 елден 200-ден астам спортшы сынға түсті.

Ұлттық құрама қатарында өнер көрсеткен Әли Тұрғанбеков 2-орын, Ерсұлтан Наметуллаев 3-орын иеленді. Аталмыш дода жас спортшылардың алғашқы халықаралық дәрежедегі жарысы.

«Бұл менің алғашқы халықаралық жарысым. Қобалжу, толқу болды. Құраманың жаттықтырушылары мен команда мүшелерінің қолдауы оң нәтижесін берді. Ерсұлтан екеуміз үшін пара жүзуден өткен әлемдік серия үлкен тәжірибе болды. Бізді қолдап, қарсы алғандарыңыз үшін алғыс білдіреміз», – деді Әли Тұрғанбеков.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button