Ел тынысы

Пойыздарда мультимедиялық портал қолжетімді

«Жолаушылар тасымалы» АҚ барлық пойыздарында мультимедиялық портал қолжетімді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Ұлттық тасымалдаушының барлық пойыздарында мультимедиялық портал арқылы фильмдер көруге, музыка тыңдауға болады. Жолаушыларға түрлі жанрдағы фильмдер ұсынылған: комедиялар, драмалар, тарихи және деректі фильмдер, сондай-ақ кең көлемді музыкалық таңдамалар мен аудиокітаптар тізімі де бар. Балалар үшін мультфильмдер мен әртүрлі ойындар қарастырылған. Порталдың интерфейсі жыл сайын жетілдіріліп, пайдаланушылар үшін барынша ыңғайлы етіп жасалады. Контент тоқсан сайын жаңартылып отырады. Әрбір жолаушы өзіне жаңаша және қызықты нәрсе таба алады.

Пойыздағы мультимедиялық порталға қосылу үшін:

– Гаджеттегі мобильді деректерді өшіру қажет;

– Құрылғыда Wi-Fi қосу қажет;

– Қолжетімді желілер тізімінен KTZ желісін таңдау қажет;

– Браузерді ашып, http://vputi.kz сайтына өту қажет;

– Тіркелу үшін жеке деректерді енгізу қажет (Т.А.Ә., электрондық пошта және телефон нөмірі).

Пойыз жолсеріктері жолаушыларға нұсқаулық беріп, олардың смартфондарын жергілікті Wi-Fi желісіне қосуға көмектесе алады.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button